Accessibility links

Ақ үй: Ресей Қара теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасауы мүмкін


Сәрсенбіде АҚШ президенті жанындағы қауіпсіздік кеңесінің өкілі Адам Ходжа Ресей Қара теңіздегі сауда кемелерін атуға дайындалып жатқанын айтты.

"Қолымыздағы мәліметке қарағанда, Ресей Украина порттарына барар жолға қосымша теңіз миналарын орнатқан,"- деді Адам Ходжа. - Біз мұны Қара теңіздегі азаматтық кемелерге жасалған кез-келген шабуылды ақтап алып, жауапкершілікті Украинаға жүктеу үшін ойластырылған әрекет деп білеміз".

Бұғн дейін Ресей қорғаныс министрлігі 20 шілдеден бастап Қара теңіз акваториясындағы Украина порттарында тұрған кеменің бәрі әскери жүк тасушы кеме ретінде қарастырылатынын мәлімдеп, өзге елдің туын көтерген кемелер "Украина жанжалына араласушы және Киевті қолдаушы" болып саналатынын айтқан.

Ресей 17 шілдеде "астық келісімін" ұзартудан бас тартқан. Ресей, Түркия және БҰҰ араласуымен жасалған "астық келісімі" бойынша, Украинаның Қара теңіздегі порттарынан астық пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеген жүк кемелері қауіпсіз теңіз дәлізі арқылы өте алады. Бұл жүк Украина мен Ресей астығына мұқтаж Африка мен Таяу Шығыс елдеріне арналған.

АҚШ-тың ресми өкілдері Ресейдің "астық келісімінен бас тартқанын қатаң сынап, Украина порттарының бұғатталғанын "әскери агрессия актісі" деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG