Accessibility links

"Ақпарат құралдары жаңсақ жазған". Альпинизм федерациясы Нұрсұлтан шыңының аты өзгермегенін айтты


Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңы. 2009 жыл
Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңы. 2009 жыл

Алматыдағы альпинизм федерациясы Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңының аты Алматы шыңы деп өзгергені туралы кейбір ақпарат құралдары таратқан ақпаратты теріске шығарды.

"Биыл 8–9 шілдеде Алматының альпинизм федерациясы Іле Алатауындағы биік шыңдардың бірі - Алматы шыңында альпиниада өткізді. Ол шыңның мұнан өзге Комсомол шыңы (1935-1977 жылдары) деген де, Нұрсұлтан шыңы деген де (1997 жылдан бері) атауы бар. Әртүрлі дереккөздерде үш түрлі атаумен атала береді. Ал архив мәліметтеріне қарағанда, алғашқы тарихи атауы - Алматы шыңы (1935 жылға дейін). Географиялық нысандардың атын өзгерту федерацияның құзыретіне жатпайды, федерация сайтындағы техникалық қателікті байқап қалған БАҚ-тар жаңсақ жазып, жұртты шатастырған",- дейді федерация хабарында.

Федерация мағлұматына қарағанда, географиялық нысандардың ресми реестрінде бұрынғы Алматы шыңы Нұрсұлтан шыңы деген атаумен тұр.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы альпинистермен бірге Комсомол шыңына шыққан соң шыңның атын Нұрсұлтан шыңы деп өзгерткен.

2019 жылы президент қызметінен кеткенге дейін Назарбаев атындағы нысандар мен ескерткіштер күрт көбейе түскен. Қызметінен кеткен күні ертесіне, 2019 жылы науыздың 20-сына Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жарлығымен Астана атын Нұрсұлтан деп өзгертіп, бірер жылдан соң қалпына келтірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG