Accessibility links

Ресей Ұлыбритания дипломаттарының жүріс-тұрысын шектеді


Ресей Ұлыбритания дипломаттарының жүріс-тұрысын шектеді. Ресей сыртқы істер министрлігінің талабы бойынша, мұнан кейін Ұлыбритания дипломаттары "Мәскеуден 120 шақырым ұзайтын болса" алдын ала ескертуді талап еткен. Ескертуді жолға шығардан кем дегенде бес күн бұрын ресми түрде хабарлау керек.

Мұны "совет өкіметінің стилі" деп атаған ​Reuters "британ дипломаттарына совет кезінен бері алғаш рет өте қатаң шарт қойылып отыр деп жазды. Совет кезінде шетел елшіліктерің жүріс-тұрысы барынша шектеліп, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қатаң бақылаған.

20 шілдеде Ресей сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияның Ресейдегі уақытша сенімді өкілі Томас Доддты шақырып алып, бұл шешім "Ұлыбританиядағы Ресей мекемелерінің жұмысына кедергі жасап отырған Лондонның жау пиғылына жауап" деген.

Ресей Ұлыбритания мен АҚШ-ты "Ресейді ыдыратып, табиғи байлығына ие болуды көздеп отырған мемлекеттер" деп санайды. Вашингтон мен Лондон мұны теріске шығарып жүр. Таяуда Ресей билігі Ұлыбританияның арнаулы қызметін "17 шілдеде Қырым көпірінде болған жарылысқа қатысы бар" деп айыптаған. Ұлыбритания билігі мұны "негізгіз спекуляция" деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG