Accessibility links

Украина СІМ қырғыз компанияларына салынған санкцияға байланысты Қырғызстан елшісін шақырды


Қырғызстан мен Украина туы
Қырғызстан мен Украина туы

20 шілдеде Украина сыртқы істер министрлігі Қырғызстанның осы елдегі елшісі Ыдырыс Қадырқұловты шақырып алды.

Украина СІМ ресми хабарына қарағанда, оған санкция тізіміндегі тауарларды Ресейдің Қырғызстан арқылы алдырып отырғаны туралы ақпарат себеп болған. Украина Қырғызстаннан бұл мәселені түсіндіруді талап еткен.

Украина сыртқы істер министрлігі "Қырғызстан аумағынан Ресей әскери техникасына қажетті тауарлардың жеткізілгенін Украинаға қарсы басқыншылық соғысты қолдауға бағытталған, достыққа жатпайтын акт" деп бағаланатынын ескерткен.

20 шілдеде АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің соғыс қажеттілігіне пайдаланылуы мүмкін тауарды жеткізгені үшін Қырғызстанның RM Design and Development, "ГТМЕ Технологии", "Прогресс лидер" және "Карголайн" компанияларына санкция салған.

Мұның алдында Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті "санкция салынған тауарларды тасуға қырғыз мемлекетінің де, қырғыз мемлекеттік құрылымының да қатысы жоқ" деген ресми мәлімдеме таратқан. Сонымен қатар, бұл мәселеге қатысы бар жеке компанияларды тексеріп, жұмысы тоқтатылатынын айтқан.

Биыл майсым айында Азаттық Қырғызстан мен Қазақстан компаниялары Батыстың санкциясына ілінген тауарларды Ресейге қалай жеткізіп жатқаны жөнінде зерттеу жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG