Accessibility links

Беларусь құқық қорғау орталығы "Вясна" — 2023 жылдағы адам құқығы саласы бойынша БҰҰ лауреаты


Беларусь еліндегі "Вясна" құқық қорғау орталығы 2023 жылдағы адам құқығы бойынша БҰҰ сыйлығының лауреаты болды. Құқық қорғау орталығының негізін қалаушы және төрағасы Алесь Беляцкий мен бірнеше қызметкері былтырдан бері қамауда отыр.

Биыл БҰҰ сыйлығы үш лауреатқа берілген. БҰҰ бас ассамблеясының төрағасы Чаба Кёрёши олардың аты-жөнін 20 шілдеде атады.

"Бұл сыйлық халықаралық қауымдастықтың әлемдегі барлық құқық қорғаушылардың күш-жігерін мойындап, қолдайтындығының белгісі,- деді Кёрёши.

Сыйлық лауреаттарының ішінде Конго құқық қорғаушысы Жюльен Лусенж бен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымдардың жаһандық коалициясы бар.

Беларусьтің "Вясна" құқық қорғау орталығы - 1996 жылы сәуірде болған жаппай қарсылық акциясы кезінде құрылған.

Биыл наурызда Минск соты "Вяснаның" негізін қалаушы, Нобель сыйлығының лауреаты Алесь Беляцкийді 10 жылға түрмеге қамаған. Беляцкиймен бірге құқық қорғау ұйымындағы серіктері де қамауға алынған. Валентин Стефанович тоғыз жылға, Владимир Лабкович жеті жылға, Дмитрий Соловьёв сегіз жылға сотталған. Оларды 2020 жылы Александр Лукашенкоға қарсы наразылықты қаржыландырды, контрабандамен айналысты деп айыптаған. Олар бұл айыптың саяси астары бар деп мәлімдеген. Беляцкий былтыр абақтыда отырғанда Нобель сыйлығының лауреаты атанған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG