Accessibility links

Украин астығын Қара теңізбен тасу мәселесін Украина-НАТО кеңесі шұғыл отырыста талқылайды


Украина - НАТО кеңесі 26 шілдеде өтетін шұғыл отырысында Қара теңізбен Украина астығын тасымалдау мәселесін талқылайды. Украина президенті Владимир Зеленскийдің өтініші бойынша НАТО бас хатшысы шұғыл отырыс шақырған.

НАТО-ның ресми өкілі Оана Лунгескуге сілтеген Бельгияның RTBF арнасының ақпаратына қарағанда, шұғыл отырыс елшілер деңгейінде өтеді. 12 шілдеде Вильнюстегі НАТО саммитінде құрылған кеңестің бұл алғашқы отырысы.

Қара теңіз арқылы Украина астығын тасу Ресей, Түркия және БҰҰ арасындағы астық келісімі аяқталған соң тоқтаған. Мәскеу өз шартты орындалмайынша келісімге оралмайтынын мәлімдеген.

Киев Ресейдің қоқан-лоқысына қарамастан астығын Қара теңізбен шығара беретінін хабарлаған. Украина президенді Владимир Зеленскийдің сөзінше, БҰҰ мен Түркия азық-түлік дәлізінің қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз ете алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG