Accessibility links

Қырымда тағы бір оқ-дәрі қоймасы жарылды


Ресей аннексиялаған Қырым түбегінің Жанкой ауданында оқ-дәрі қоймасына дрон түсіп, жарылыс болды. Бұл ақпаратты Ресей Қырым басшысы етіп тағайындаған Сергей Аксёнов растады. Бұл кейінгі аптада Қырымның әскери нысандарында болған үшінші ірі жарылыс. Жарылысқа қатысы бар-жоғы туралы Украина мәлімдеме жасаған жоқ.

Жарылыс болған оқ-дәрі қоймасынан радиусы бес шақырымға дейінгі жерде орналасқан селоларды эвакуациялау туралы шешім қабылданған. Жанкой-Симфереполь автожолы мен теміржолдағы қозғалыс тоқтатылған.

Аксёновтың сөзінше, Ресей әуе қорғанысы 11 дронды құлатқан. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Украина Қырымға 17 дрон жіберген. Оның 14-ін радио электронды күрес құралдарымен өшіріп тастаған. Оның 11-і Қара теңізге, үшеуі Қырымға құлаған, тағы үшеуін атып түсірген. Дронның бәріне тойтарыс берілсе, оқ-дәрі қоймасы неден жарылды деген сұраққа Ресей қорғаныс министрлігі жауап бермеген.

19 шілдеде Ескі Қырымдағы әскери полигоннан өрт шыққан. Сенбі күні де Красногвардейск ауданына дрон шабуылдап, оқ-дәрі қоймасы атылған. 17 шілдеде Қырым көпірінде жарылыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG