Accessibility links

Назарбаев пен Бердімұхамедов Мирзияевті туған күнімен құттықтады


Түрікменстанның бұрынғы президенті, қазір Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов 24 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевты туған күнімен құттықтап, телефон соққан. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кейінірек Түрікменстанның қазіргі президенті Сердар Бердімұхамедовтің де Мирзияевті туған күнімен құттықтағаны хабарланды.

Өзбекстан президентінің ресми сайтында Ташкент уақытымен 12:00-ге дейін тек Бердімұхамедовтердің құттықтауы тұрды. 24 шілдеде, түстен кейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да Мирзияевты құттықтағаны туралы ақпарат шықты.

"Телефон арқылы әңгімеде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен достық, одақтастық деңгейі жоғары екені сөз болды" дейді Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

24 шілдеде Ақорда сайты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да Мирзияевті құттықтағанын хабарлады.

24 шілдеде Шавкат Мирзияев 66 жасқа толды. 9 шілдеде өткен кезектен тыс президент сайлауында Шавкат Мирзияев "87,05 пайыз дауыс алып", жеңіп шыққан. ЕҚЫҰ миссиясы "сайлау шынайы бәсекесіз" өтті деп бағалаған.

Сайлаудан екі ай бұрын референдум өтіп, Өзбекстан конститциясы өзгерген. Бұл өзгеріс Мирзияевқа 2037 жылға дейін Өзбекстан президенті болып қалуға мүмкіндік берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG