Accessibility links

Кремль Путин басқарған кезеңде бала туу күрт азайғанын айтуға тыйым салған


Кремль өзіне тәуелді БАҚ-тарға Владимир Путин басқарған кезде Ресейде туу азайғаны туралы айтуға тыйым салған. Мұны The Moscow Times ТАСС пен РИА "Новости" мемлекеттік ақпарат агенттіктеріндегі дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Бұл ақпаратқа қарағанда, қатаң тыйым 12 шілдеде Путин денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкомен сөйлескен соң енгізілген. Осыдан кейін коммерциялық клиникаларда жүктілікті тоқтату, аборт препараттарын сатуды шектеу секілді әйелдер құқығын шектейтін бірнеше мәімдеме жасаған.

Росстаттың мәліметіне қарағанда, Ресейде бала туу рекорд деңгейде құлдыраған. Биыл қаңтар мен шілде арасында 511,7 мың бала дүниеге келген. Былтырғымен салыстырғанда 11,5 мың бала немесе 1,2% аз. Ал былтыр кейінгі 20 жылдағы ең төменгі көрсеткішке түскен.

Росстат мәліметіне қарағанда, қаңтар мен маусым аралығында 1 мың адамға шаққанда 8,5 бала туған. Бұл - Ресейдің қазіргі тарихындағы ең төмен көрсеткіш. Тек 1999 жылы ғана 1 мың адамға шаққанда 8,3 бала өмірге келген.

Биыл мамыр айында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдегі демографиялық ахуалдың ауыр екенін мойындаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG