Accessibility links

АҚШ Украинаға 400 млн доллар көлемінде әскери көмек береді


АҚШ Украинаға құны 400 млн долларға тек кезекті әскери көмек беретінін мәлімдеді. Осы көмек аясында Украинаға әуе қорғаныс жүйесіне арналған оқ-дәрі, артиллериялық снарядтар, бронды техника, танктерді жоятын қару, TACAN авиациясына арналған тактикалық навигация жүйелері және өзге де құрылғылар беріледі.

"Украина халқы өз елін Ресей басқыншылығынан ерекше ерлікпен қорғап жатыр, ал Ресей Украинаның бейбіт халқын қырып, азаматтық нысандарын қиратып, қатігез шабуылдарын үздіксіз жалғастырып жатыр" деп жазылған АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің 25 шілдеде жариялаған хабарламасында.

АҚШ қорғаныс министрлігі Киевке осымен 43-рет әскери көмек пакетін жариялап отыр. АҚШ одақтастарымен бірге бұған дейін Украинаға қанша керек болса, сонша көмек беруге әзір екенін мәлімдеген.

"Астық келісімінен шыққаннан кейін Ресей украин порттары мен астық инфрақұрылымдарын (арасында Одессадағы да бар – Э.Б.) шабуылдап жатыр. Ресей кез келген уақытта соғысты тоқтатып, Украинадан әскерін шығара алады, украин қалалары мен халқына қатігез шабуылын доғара алады" деп жазылған Блинкен хабарламасында. Оның сөзінен "Америка дауысы" үзінді келтіреді.

XS
SM
MD
LG