Accessibility links

БҰҰ: Еленовкадағы украиналық тұтқындардың өліміне HIMARS-тің қатысы жоқ


Еленовкадағы түрмедегі жарылыс. 29 шілде 2022 жыл.
Еленовкадағы түрмедегі жарылыс. 29 шілде 2022 жыл.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі ведомствосы Донбасстағы Еленовка елдімекеніндегі украиналық әскери тұтқындардың өліміне HIMARS-тан атылған ракета себеп болған жоқ деген қорытындыға келген.

Былтыр 29 шілдеде ресейлік сепаратистердің бақылауындағы Еленовка (Донбасста орналасқан) елдімекеніндегі бұрынғы түрмеде жарылыс болып, украиналық елу әскери тұтқын қаза тапқан. Ресей бұл жарылысқа Украинаны айыптаған. Мәскеу Украина қарулы күштерінің HIMARS-тан атқан ракетасы украиналық тұтқындар отырған колонияға түсті деген. Киев "Ресей жарылысты қолдан ұйымдастырып, украиналық тұтқындардың өлімін жасыруға тырысты" деп мәлімдеген еді.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі ведомствосы зерттеу жүргізіп, Еленовкадағы тұтқындардың қазасына HIMARS себеп деген Ресейдің мәлімдемесін жоққа шығарды. Ведомство жарылыстан аман қалған сегіз әскеримен сөйлесіп, сараптама жасап, осындай шешімге келген. Сарапшылар HIMARS-тан шабуыл жасалса, жарылыс масштабы бұдан да үлкен болар еді дейді.

"Еленовкадағы жарылыста қаза тапқандар мен жараланғандар, олардың жақындары шындықты білуге лайықты, ал халықаралық заңдарды бұзғандар анықталып, жауапқа тартылуы керек" деді БҰҰ Адам құқығы жөніндегі ведомство басшысы Фолькер Тюрк.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG