Accessibility links

Астанада терроризмге қарсы "жоспарлы" екікүндік жаттығу өтеді


Астана әкімдігі маңында тұрған арнайы жабдықталған көлік. Астана, 21 мамыр 2018 жыл.
Астана әкімдігі маңында тұрған арнайы жабдықталған көлік. Астана, 21 мамыр 2018 жыл.

Астанада 27-28 шілдеде терроризмге қарсы жаттығу өтеді. Терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтың сипаттауынша жаттығулар "шынайы ұрыс жағдайларына барынша жақындатылған".

"Жоспарлы" жаттығу жөнінде ақпаратты 27 шілдеде таңертең жергілікті ақпарат агенттіктері таратты. Жаттығуға байланысты кейбір жерлерде жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы шектеледі.

Жаттығу қаланың нақты қай бөлігінде өтетіні айтылмайды. Жаттығудың мақсаты "құқық қорғау және арнайы органдардың лаңкестіктерге шұғыл әрекет ету бойынша дайындығын тексеру" деп жазылған ресми хабарламада.

Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері Астана тұрғындарын жаттығуға түсіністікпен қарауға, оған тартылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, сенімді дереккөздерге ғана сүйенуге шақырды.

Жыл басынан бері Қазақстанның түрлі облыстарында терроризмге қарсы жаттығулар өткен.

XS
SM
MD
LG