Accessibility links

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада су тапшылығы жоқ деп санайды


7 тамызда үкімет отырысында есеп берген Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бас қалада су тапшылығы байқалмайтынын айтты. Бұған дейін Астана тұрғындары су жетіспей жатқанын айтып келген еді.

Әкімнің сөзінше, қаланы сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 44 шақырым екінші су құбыры салынып жатыр. Құрылыс аяқталса, 2035 жылға дейін су қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жеңіс Қасымбек қаланы дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспары, 2030 жылға дейін қайта құрылымдау бағдарламасы және қаланы жасылдандырудың бірыңғай тұжырымдамасы жасалып жатқанын айтты.

Кейінгі жылдары Қазақстанда су тапшылығы жиі сөз бола бастаған. Астана тұрғындары үйіне су жетпей жатқаны жөнінде әлденеше рет шағымданған. Биыл мамыр айында су жетіспеген үйлердің тұрғындары жолды жапқан.

Су сұраған Астана
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00

Ресми мәлімет бойынша қазір Астана халқының саны 1,3 миллионға жеткен. Ішкі көші-қон есебінен жыл сайын 50-60 мың адамға көбейеді. Қала билігінің мәліметінше, халық саны жоспардағыдан тез өсіп келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG