Accessibility links

Ресей қорғаныс министрлігі Мәскеуге дрон шабуылдамақ болғанын айтты


Ресей қорғаныс министрлігі украин әскері Мәскеу қаласы мен облысындағы нысандарға дронмен шабуылдамақ болғанын айтты.

Ведомствоның хабарлауынша, 26 тамызда түнгі сағат үштер шамасында "әуе қорғанысы Мәскеу облысының Истринский ауданы аумағында дронды атып түсірген".

Қорғаныс министрлігі хабарламасында дрон шабуылынан зардап шеккендер бар-жоғын нақтыламаған. Мәскеу мэрі Сергей Собянин ешкімнің зардап шекпегенін айтты.

Мәскеудің Домодедово, Шереметьево және Внуково әуежайлары түнде шамамен бір сағат ұшақ ұшырмай, рейс қабылдамаған. Бірақ қазір істеп тұр. 24 рейс кешігіп, 8 рейс ұшырылмаған.

XS
SM
MD
LG