Accessibility links

Ресей қуғындағы Әшірбай Бекиевті Түркіменстанға депортациялады


Әшірбай Бекиев.
Әшірбай Бекиев.

Діни себеппен туған жерінде қуғын көріп, елден кеткен түркімен босқыны Әшірбай Бекиев 30 тамызда Мәскеуден Ашғабатқа депортацияланды.

Бұл туралы Адам құқықтары бойынша Түркімен Хельсинки қоры мәлімдеді. Бекиев сегіз жыл бойы депортациялау туралы шешімнің күшін жоюға күш салған. Құқық қорғаушылар Бекиевтің тағдырына алаңдайды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Әшірбай Бекиев 30 тамызда сағат 11 шамасында танысына хабарласып, өзін Түркіменстанға жіберетінін хабарлап үлгерген. Оның адвокаты ішкі істер министрлігіне қарасты көші-қон басқармасына хабарласып, ақпаратты растай алған. Кейін Бекиев ұшақ салонынан ұлына шағын видео жіберген. Ол видео Телеграмда жарияланды.

Бекиев биыл жазда ұсталып, содан бері Санкт-Петербургтағы депортация орталығында қамауда болған.

"Мемориал" құқық қорғау орталығының мәліметі бойынша, Әшірбай Бекиев Түркіменстаннан 2009 жылы кетіп, отбасымен Санкт-Петербургте тұрған.

Түркіменстан билігі бірнеше жыл Әшірбай мен оның бауыры Ташмырат Бекиевті экстрадициялауға күш салған. Ашғабат оны "діни және ұлттық алауыздық тудырды" деп айыптайды. Құқық қорғаушылар негізсіз айып тағылып отыр деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG