Украина әскері Қырым көпіріне суасты дрондарымен үш рет шабуылдамақ болды. Дрондардың үшеуі де жойылды, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
Қырым көпіріне жартылай жүк тиелген экипажсыз катерлер арқылы соққы жасау талпынысы 2 қыркүйекте болған. Көпірде көлік қозғалысы 2 сағаттан астам уақыт тоқтаған.
Украина шабуылға түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін Киев Украинадағы Ресей әскерін жабдықтап келе жатқан Қырым көпірін заңды әскери нысана деп атаған.
Бірнеше күн бұрын Ресей көпірге суасты дрондардан қорғайтын жеті баржа орнатқан.