Ескі де жаңа министрлер. Тоқаев үкімет құрамын өзгертіп жатыр
Қазақстанның жоғары билігінде кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Бүгін, 4 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше облыстың әкімін министр етіп, Ұлттық банк төрағасын ауыстырды. Қаңтарда наразыларды балағаттаған Қанат Бозымбаевты өзіне кеңесші қылып тағайындады.