Accessibility links

Merсedes компаниясы Украинаға 100-ден астам әскери жүк көлігін жіберді


Немістің көлік шығаратын Mercedes-Benz Special Trucks компаниясы Украинаға 100-ден астам Zetros жүк көлігін жіберді. Бұл жөнінде Daimler Truck компаниясының (әлемде Mercedes-Benz маркісімен жүк көлігін өндіретін ірі компания) сайтында жазылған.

"Mercedes-Benz Special Trucks компаниясы Украина қорғаныс министрлігіне жүзден астам Zetros көліктерін берді. Жинақта әскери жабдықтау және логистика міндеттерін шешуге арналған көліктің бірнеше түрі бар" деп жазылған Daimler Truck хабарламасында.

Аталған компания сонымен бірге Украинаның қорғаныс министрлігімен көліктерді жөндеу бойынша қызмет көрсетуге келісімге отырған. Zetros жүк көлігін жүргізушілерді де арнайы оқудан өткізген.

Бұл құралдарға қаржы Германия үкіметі тарапынан берілген.

Zetros көлігінің қуаты 476 жылқының күшіне тең.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG