Accessibility links

Азаттықтың Орталық Азия қызметтері құрылғанына 70 жыл толуына орай медиафорум өтеді


Азат Еуропа/Азаттық радиосы (Radio Free Europe/Radio Liberty, RFER/RL) Орталық Азияға хабар тарататын редакциялардың ашылғанына 70 жыл толуына орай 14 қыркүйекте Алматыда Азаттық медиафорумын өткізеді.

Қазіргі кезде Азаттық радиосының Қазақстанда, Қырғыз республикасында және Тәжікстанда (Озоди радиосы) бюролары бар. Сондай-ақ Өзбекстан (Озодлик радиосы) мен Түркіменстандағы (Азатлык радиосы) аудиториясына да ақпарат тарататын редакциялары жұмыс істейді.

Азаттық медиафорумы бір күн бойы өтеді және бірнеше панельдік талқылау мен таныстырылым болады. Онда радионың өкілдері мен арнайы шақырылған спикерлер аймақтағы баспасөз еркіндігінің жай-күйін талқылайды, сонымен қатар азаматтық бостандыққа әсер ететін факторлар және Орталық Азиядағы демократияның дамуы туралы пікір алмасады. Форум барысында редакция өкілдері журналистік зерттеу, төтенше оқиға орнынан ақпарат тарату, сайт бұғатталған жағдайда оқырманмен байланыс орнату тәжірибелерін де бөліседі.

Азаттық медиафорумына тегін билет алып қатысуға болады.

Медиафорум жайлы толық мәліметпен және тіркелу тәртібімен арнайы парақшадан таныса аласыз.

Форум Азаттықтың YouTube, Facebook парақшаларынан тікелей эфирден көрсетіледі.

  • Азат Еуропа/Азаттық радиосы – АҚШ Конгрессінің грантына қаржыландырылатын америкалық тәуелсіз медиакорпорация. Компания сөз еркіндігі шектелген 23 елге 27 тілде хабар таратады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG