Accessibility links

Қаражалда "АрселорМитталға" еншілес мекеменің кенішінде бір жұмысшы қаза болды


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Ұлытау облысында Қаражал кеніш орнында 39 жастағы жұмысшы қаза болды, деп хабарлады "Өркен" темір-кен кәсіпорнының баспасөз қызметі. Ақпаратқа қарағанда, жұмысшы 6 қыркүйекте қаза болған, жұмысшының неден қаза болғаны айтылмайды.

Компания хабарламасында кісі өлімін "жазатайым оқиға" деп атаған. Оқиғаны зерттейтын арнайы комиссия құрылған деп айтылады. Компания өкілдері сонымен бірге қаза болған жұмысшының отбасына ұжымдық келісімшартқа сәйкес тиісті көмек берілетінін айтты.

"Өркен" ЖШС – "АрселолорМиттал Теміртауға" еншілес компания. АМТ-дың темір-кен департаменті ("Өркен" ЖШС) төрт кәсіпорыннан құралған: Лисаковск бөлімі (Қостанай облысы), "Өркен-Кентөбе" (Қарағанды облысы), "Өркен-Атансор" (Ақмола облысы), "Өркен-Атасу" (Ұлытау облысы). Кәсіпорын негізінен темір кенін өндіріп, өңдеп, байытады, темір кені концентраты күйінде АМТ-ге тасымалдайды.

17 тамызда Шахтинскідегі "Қазақстан" шахтасында өрт болып, 5 адам қаза болған, ондаған адам зардап шеккен. Тамыз айының соңында жергілікті БАҚ шахтадағы өрт әлі сөндірілмегенін айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында соңғы 15 жыл ішінде 100-ден астам адам опат болған. Қазақстан билігі кейінгі кезде АМТ-дің орнына жаңа инвестор тарту қажеттігін жиі айтып келеді.

XS
SM
MD
LG