Педофилге үкім, майданға кеткен мигрант, Украинаға көмек – AzatNEWS ┃07.09.2023
Түркістан облысы Жібек жолы ауылында 5 жасар бүлдіршіннің өліміне себепкер болды деген күдіктіні сот өмір бойы бас бостандығынан айырды. Оған қоса кастрация жасауға үкім шығарды. Ресей түрмесінде отырған шетелдік мигрант соғысқа қалай барғанын Азаттық радиосына айтып берді. Ол жарты жыл соғысып, 10 жыл жазадан құтылған. Сөзінше, абақтыдан майданға бірге кеткендердің көбі тірі қалмаған. Украина мен Ресейдің соғысып жатқанына 560 күн болды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонның Киевке тағы 1 миллиард доллар көмек беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ресейліктердің АҚШ-та тәркіленген қаражаты да Украинаға аударылмақ.