Accessibility links

Қаңтар кезінде "Шал, кет!" деп айқайлаған Алматы тұрғыны Әділет Мусин сот залынан босап шықты


Әділет Мусиннің сот залынан босап, сыртқа шыққан сәті. Алматы, 8 қыркүйек 2023 жыл.
Әділет Мусиннің сот залынан босап, сыртқа шыққан сәті. Алматы, 8 қыркүйек 2023 жыл.

Бүгін, 8 қыркүйекте Алматы қалалық соты Қаңтар кезінде "билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға шақырды" деп айыпталып, 9 айға қамалған Алматы тұрғыны Әділет Мусинге шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бірақ оның қамауда отыру мерзімі аяқталғандықтан ол сот залынан босатылды. Оны жақындары, белсенділер қарсы алды.

Тергеу органдары 2022 жылы 4 қаңтарда Мусин жұртты "билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға шақырған" деп айыптаған еді. Мусиннің өзі тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарған.

Туыстары Әділет Мусин тергеу изоляторында отырған кезде азапталғанын, бірақ азаптау шағымы сол күйі қаралмағанын айтқан. Медициналық сараптама Әділет Мусиннің мойнының алдыңғы жағы жырылғанын, сол жақ беті, оң жақ шынтағы мен оң жақ иығы, екі тобығы көгергенін анықтаған. Бұған дейін құқық қорғаушылар Қаңтардағы азаптау істерінің көбі жабылғанын айтқан.

Қаңтар оқиғасында ресми есеп бойынша кемінде 238 адам қаза тапқан. Алтауы түрмедегі азаптау кезінде көз жұмған. Билік бес мыңнан аса қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Мыңнан аса адам сотталып, 100-ден астамы түрмеге жіберілген. Басым бөлігінің бостандығы шектелген. Түрмеге жабылғандардың кемінде 102-сі амнистиямен босап шығатыны айтылған. Осыған дейін Қаңтар бойынша айыпталғандардың кейбірінің туыстары тергеу әділетсіздігіне шағымданған. Билік құқық қорғаушылар мен белсенділердің талабына қарамастан Қаңтар оқиғасын халықаралық сарапшыларды тарта отырып зерттеу туралы ұсыныстан бас тартты.

Қаңтардан соң ұсталған Әділет Мусин азапталғанын айтқан
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:25 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG