Accessibility links

БАҚ: Бурабайда Rixos қонақүйінің 17 қызметкері уланған


Ақмола облысында Rixos қонақүйінің оннан астам қызметкері астан уланды. Бұл туралы «Қазақпарат» мемлекеттік агенттігі хабарлады.

Сайттың жазуынша, ірі қонақүйдің 17 қызметкері дәрігер көмегіне жүгінген. Олардың бәріне "астан уланды" деген диагноз қойылған. 9 адам Көкшетау қаласындағы ауруханаға түскен. Науқастардың жағдайы біршама жақсарғаны хабарланды.

Осы оқиғадан соң Бурабай аудандық эпидемиологиялық басқармасы қонақүй мейрамханасын тексере бастады.

Rixos осы оқиғаға байланысты әзірге ешқандай мәлімдеме таратқан жоқ.

БАҚ мәліметінше, Rixos қонақүйі Forbes тізіміндегі миллиардер Болат Өтемұратовқа тиесілі.

Болат Өтемұратов Қазақстандағы ең бай он адамның бірі. Forbes журналы оның байлығын 2,7 миллиард долларға бағалаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG