Accessibility links

Арман Жұмагелдиев пен ҰҚК бесінші бөлімінің экс-жетекшісі Искаковтың соты жабық өтеді


Жұрт арасында "Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев пен ҰҚК-ның 5-бөлімінің бұрынғы басшысы Руслан Искаковтың соты жабық режимде өтеді. Екеуі Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған.

Судья "өмірлеріне қауіптенген" жәбірленушілердің сотты жабық өткізу туралы өтінішін мақұлдаған. Ал айыпталушылардың тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстыру өтініштерін қанағаттандырмады. Сондай-ақ ҰҚК тергеу изоляторында отырған айыпталушылар (олардың қатарында Арман Жұмагелдиев те бар) өздерін ІІМ тергеу изоляторына ауыстыруды сұраған еді, судья бұл өтінішті де мақұлдамады.

Арман Жұмагелдиев пен Руслан Искаков сотқа залда отырып қатысуды сұрағанымен, судья олар отырысқа бұрынғыдай изолятордан видеобайланыс арқылы қатысады деп шешті.

Қаңтар оқиғасы кезінде "адам ұрлау", "билігін асыра пайдалану", "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" баптары бойынша өтіп жатқан сотта 45 айыпталушы бар.

Келесі 6 қазанда өтетін отырыс жабық болмақ.

18 қыркүйектегі сот отырысында Руслан Искаков 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК басшысының бірінші орынбасары болған Самат Әбіш бұйрық берді деген. Келесі күні бас прокуратура экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты "Қаңтар кезінде қылмысын асыра пайдаланды" деген күдікпен тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Қызметін асыра пайдалану". Самат Әбішке қатысты тергеу басталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:22 0:00

18 қыркүйекте Искаков сотта "Самат Әбіштің Қаңтар оқиғасындағы әрекетін жасыру үшін ісін бір жылдан соң құпияландырып тастағанын" да айтқан.

"Олар Самат Әбіштің бұйрығын орындағанымда айтуға шектеу қоюға тырысып жатыр" деген еді Искаков сотта.

Самат Әбіш пен оның өкілдері іске қатысты әзірге ештеңе айтқан жоқ. Бас прокуратураның баспасөз қызметі қазақстандық агенттіктерге Самат Әбіштің елде екенін, ешқайда кетпеу туралы қолхат бергенін хабарлаған.

ҰҚК басшысының бірінші орынбасары болған Самат Әбішке қатысты іс Қаңтар оқиғасынан екі жылдай уақыт өткен соң қозғалды. Ал ҰҚК төрағасы болған Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары Қаңтар оқиғасынан соң сотталған. Оларға "қызметін асыра пайдаланды", "билікті басып алмақ болды" деген айыптар тағылған еді.

Сарапшылардың пайымдауынша, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан соң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ықпалы әлсірегенін айтады. Назарбаевтың туыстары мен жанындағы адамдары Қаңтар қырғынынан кейін қызметтен кетіп, кейбірі істі болып қамалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG