Ғалымдар "Джеймс Уэбб" телескопының көмегімен Юпитердің серігі Еуропаның қойнауынан көміртек тапты. Ғалымдар аталған аспан денесінде тіршілік бар деген болжамды бұрыннан айтып келеді. Бұл жөнінде Independent жазды.
Ғалымдардың екі тобы Юпитер серігінде көмірсутек бары жөнінде телескоп мәліметін сараптап, ол мұз астындағы тұзды судан келіп жатыр деген қорытындыға келген. Ғалымдар көмірсутекті тірі нәрселер шығарып жатыр ма, жоқ па деген сұраққа әзірге жауап бере алмай отыр. Бұл Еуропаға арнайы миссия жіберілген кезде анықталуы мүмкін.
Қатты көмірсутек газы Еуропада бұған дейін де анықталған. Алайда ол спутниктің өзінде түзілген бе әлде метеориттер құлағаннан кейін туындады ма, ол жағы белгісіз.
ПІКІРЛЕР