Accessibility links

Иркутскіде жұрт театрдың алдынан Z таңбасы бар баннерді алып тастауды талап етті


Ресейдің Иркутск қаласында тұрғындар қалалық театрдың алдынан Z таңбасы бар баннерді алып тастауды талап етті. Z – Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдау символы. "Сибирь. Реалии" сайтының жазуынша, белсенділер аталған баннерді алып тастауды талап ететін өтініш формасын жариялаған. Толтырылған құжаттар мэрия, мәдени мұра нысандарын қорғау қызметі, қалалық дума депутаттарына жіберіледі.

Бастама авторлары сәулет ескерткіштеріне жарнама ілуге болмайтыны жайлы ережеге сүйенеді. Белсенділердің айтуынша, өздерін "соғысқа қарсы шықты" деп айыптамас үшін нақты жағдайда мәселе Z таңбасы туралы болып отырған жоқ дейді.

Иркутск академиялық драма театрындағы баннер 2022 жылы сәуірде пайда болған. Мамыр айында оған жұмыртқа лақтырылып, жасыл дәрі жағылған.

Театр қауымдастығының өкілдері қала құрылыс саясаты жөніндегі комитетке анонимді түрде екі рет хат жіберіп, оны алып тастауды сүраған. Алайда мэрия жауап бермеген.

XS
SM
MD
LG