АҚШ-тың "Абрамс" танкілерінің алғашқы партиясы Украинаға жетті. Мұны АҚШ қорғаныс министрлігіндегі дереккөздеріне сүйенген The New York Times хабарлады. Қанша танкі екені айтылмаған.
Пентагон Украинаға 31 "Абрамс" танкісін, яғни бір батальон беретін болған. АҚШ-тың кейінгі әскери көмек пакетіне "Абрамсқа" арналған оқ-дәрі де кірген. Оның ішіне снаряд күшін айтарлықтай ұлғайтатын уран қоспасы бар оқ-дәрілер де қосылған.
Мұнан өзге, биыл көктемнің соңында АҚШ "Абрамсты" жүргізетін Украина танкистері мен механиктерін оқытуды бастаған. Ол үшін Германияның Графенвёр әскери базасына 31 танк берілген.
ПІКІРЛЕР