Accessibility links

Латвия полициясы көлігіне "Я русский" деп жазып қойғандарға айыппұл салады


Latvia police auto
Latvia police auto

Латвия полициясы жеке көліктеріне "Я русский" немесе "Я русская" деп "орыс тілінде арандатушылық жазғандардың" әкімшілік жауапқа тартылатынын ескерткен. Бұлай жазғандар "агрессор-мемлекеттің Украинадағы соғыс қылмыстарын насихаттаушылар" деп бағаланады.

"Ресейдің Украинадағы басқыншылығы мен қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, әскери агрессияны әспеттейтін кез келген әрекетке жол бермеуді көздедік", - дейді латыш полициясы Twitter (қазіргі X) әлеуметтік желісінде.

Мұндай жазбаны құқық қорғау органдарының қызметкерлері дереу алып тастауды талап етіп, айыппұл салады.

  • Эстон полициясының автокөліктегі "Я русский" деген жазбаны алып тастауды талап етіп тұрғаны көрінетін видео қазірдің өзінде әлеуметттік желіге шықты. Куәлердің сөзіне қарағанда, жазбаны алып тастамаған жағдайда полицей көлікті айып тұрағына жіберетінін ескерткен.
  • Бұған дейін Латвия, Эстония, Литва, Финляндия, Польша мен Норвегия Ресейде тіркелген автокөліктерді шекарасынан өткізбейтін болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG