25 қыркүйекте Петропавл қаласында жекеменшік үй өртенді деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті. Өрт сөндірушілер үйден екі сәби мен әйелдің денесін тапқан.
"Өрт сөндірушілер келгенде үй қатты өртеніп жатты" деп жазады "Петропавловск.news".
Өрт сөндірушілердің ақпаратынша, өлген әйел 2003 жылы, сәбилер 2018, 2022 жылдары туған.
Өрт хабар түскен соң екі сағаттан кейін өшірілген.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанда жыл сайын 12 мыңнан аса өрт болып, 400-ден аса адам өледі.
ПІКІРЛЕР