Accessibility links

Ресей Украинаның Николаев облысына шабуыл жасады. Курск облысында 10 дрон атып түсірілді


29 қыркүйекке қараған түні Ресей армиясы Украинаның Николаев облысына соққы жасады. Николаев облыстық әскери әкімшілігінің жетекшісі Виталий Кимнің хабарлауынша, қала маңындағы инфрақұрылым нысаны шабуылға ұшыраған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бейсенбі күні кешке орыс әскері Херсонды атқылаған. Үш бейбіт тұрғын опат болған. Херсон облысы прокуратурасы жарылыс болған орыннан сурет жариялады. Онда қаза болған әйелдің маңында балалары да бар екені көрінеді. Балалар тірі қалған.

Бейсенбі күні Украинаның Сумы қаласына 30 рет шабуыл жасалған. Бұл жөнінде облыстың әскери әкімшілігі хабарлады. Ресеймен шекарада шамамен 200 жарылыс болған.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі әуе қорғаныс жүйесі 11 дронды атып түсіргенін мәлімдеді. Біреуі Калуга облысында, қалғаны Курск облысында жойылған. Шабуылдың салдарынан бес елді мекен тоқтан ажыратылған.

"Украинская правда" басылымы Курск облысында бір дронның электр станциясына жасаған шабуылы туралы видео жариялады. Украина қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сүйенген басылым бұл станцияға Ресей армиясының маңызды әскери нысандары қосылғанын жазды. Дереккөздің айтынша, Украина да Ресейді "блэкаут" деген ұғыммен "таныстырмақшы".

XS
SM
MD
LG