Accessibility links

АҚШ өкілдер палатасы алғаш рет спикердің отставкасын қолдап дауыс берді


Спикерліктен кетірілген республикашыл Кевин Маккарти
Спикерліктен кетірілген республикашыл Кевин Маккарти
АҚШ өкілдер палатасы 3 қазанда Кевин Маккартиді спикерліктен шеттетуді қолдап дауыс берді. Маккартиді спикерліктен кетіруді 216 конгрессмен қолдады, 210-ы қарсы шықты.
Reuters-тің жазуынша, мұндай шешім Маккарти мен республикалық партиядағы әріптестері арасында туындаған даудан кейін қабылданып отыр. Бұған дейін парламент үкіметтің жұмысын тоқтатпауға мүмкіндік беретін уақытша бюджет туралы құжат қабылдаған. Бірнеше күннен кейін конгресте дау туындап, соңы хаосқа ұласқан.
Сарапшылар АҚШ тарихында алғаш рет өкілдер палатасы салыстырмалы түрде кішігірім топтың бастамасымен өз жетекшілерін спикерліктен тайдырып отырғанын айтады. Флорида штатынан Конгреске сайланған Мэтт Гетц осыған дейін Кевин Маккартиді федералдық шығынды қысқартуға тиісті дәрежеде күш салмады деп айыптаған.
Конгресмендер дауыс бермей тұрып өткен пікірталас кезінде Гетц пен бірнеше одақтасы Маккартиді сынап, уақытша қаржыландыру жобасын қабылдар кезде демократтардың қолдауына сүйенді деп сынады.
Ал Маккартидің жақтастары "спикер шығынды азайтуға барынша күш салды, онысы нәтижесіз болған жоқ" және "партияның өзге де басымдықтарын алға жылжытты" деді. "Бұл талпыныстар босқа кетуі мүмкін", деп ескертті Маккартидің қорғаушылары.

АҚШ өкілдер палатасында спикер міндетін уақытша Солтүстік Каролинадан сайланған республикашыл Патрик Макгенри атқарады, деп хабарлады CNN арнасы. Мұндай шешімді Конгрестің қос палатасы қолдаған. Макгенридің кандидатурасын Кевин Маккарти ұсынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG