Accessibility links

Актер Кевин Спейси Ташкентте жүрегі ауырып, ауруханаға түсті


Кевин Спейси
Кевин Спейси

Голливудтың танымал актері Кевин Спейси Ташкентте жүрегі ауырып, ауруханаға түсті. Бұл туралы британдық The Sun таблоиды хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Ташкент халықаралық кинофестиваліне қатысуға келген Кевин Спейси Самарқан облысындағы Афрасиаб музейінде серуендеп жүрген уақытта «сол қолы сегіз секундқа толық ұйып қалған». Осыдан кейін оны бірден ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер Спейсидің жағдайы жақсы екенін анықтаған. Ауруханадан шыққан актер журналистерге «осы жағдай өмірдің өткінші екенін тағы бір еске салды» деп мәлімдеген.

«Оскар» сыйлығының екі дүркін иегері Кевин Спейси 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ташкенттегі кинофестивальға қатысқан. 64 жастағы актер «Оскар» сыйлығын 1996 және 2000 жылдары алған.

2017 жылы Спейси гомосексуал екенін жариялады. Содан кейін оны кем дегенде 12 ер азамат қырындады деп сотқа берді. Спейси айыптаулардың бәрін жоққа шығарды.

Осы жанжалдан соң кинокомпаниялардың бірқатары Спейсимен келісім-шартты бұзды.

2023 жылғы шілдеде Лондон соты оған қарсы қозғалған қылмыстық істерді қарап, актерді ақтап шықты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG