Accessibility links

Үкімет қоғамдық орында ниқаб, хиджаб киюге тыйым салатын норманы зерттемек


Қазақстан мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева
Қазақстан мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева

Қазақстан мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанадағы брифингте журналистердің "мемлекет қоғамдық орында ниқаб, хиджаб және шолақ шалбар киюге тыйым сала ма?" деген сауалына "бұл нормаларды зерттеп, ұсынамыз" деп мәлімдеді.

Министр жауабында "кем дегенде қоғамдық орындарда" тыйым салынуы мүмкін дегенді меңзеді.

"Әлем бойынша тәжірибені байқап отырмын. Бұл — ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Қоғамдық орында бет-әлпетін жапқан [адамның] түрін тану өте қиын. Бұл қоғаммен бірлесіп зерттелетін болады" деді Балаева брифингте.

Таяуда ресми Ташкент қоғам тәртібін бұзғандарға айыппұл салу туралы заң жобасын қабылдаған. Өзбекстанда енді көшеде адамның түр-тұлғасын ажыратуға мүмкіндік бермейтін ниқаб киюге тыйым салынады.

Министр бұл сөзін елдегі мектептерде оқушы қыздардың хиджаб кию дауы ушығып тұрғанда айтты. Қазақстандағы мектептерде хиджаб киюге тыйым салынған.

Бейсенбі, 5 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің республикалық съезінде "Қазақстан – Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG