Accessibility links

Израиль премьері Нетаньяху мен оппозиция лидері Ганц "уақытша үкімет" құруға келісті


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оппозициялық "Ұлттық бірлік" партиясының лидері Бенни Ганц қақтығыс уақытында "уақытша үкімет" құруға келісті. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Нетаньяху мен Ганц 11 қазанда Тель-Авивте ЦАХАЛ-дың (Израильдің әскері) штаб-пәтерінде кездесіп, келісімге келген.

"Уақытша үкіметке" Нетаньяху, Ганц және қорғаныс министрі кіреді.

"Төтенше жағдай кезінде құрылған уақытша үкімет соғысқа қатысы жоқ бірде-бір заң жобасына қатысты шешім қабылдамайды" деп хабарлады ВВС.

7 қазанда Израильге ХАМАС радикалдарының шабуылынан кейін Нетаньяху ХАМАС-қа қарсы соғыс жариялаған еді. Осыдан соң елде "төтенше жағдай үкіметін құру" жайлы сөз қозғала бастаған.

Қазір Израиль ХАМАС тобының шабуылына жауап ретінде Газа секторын атқылап жатыр. Газа секторындағы биліктің денсаулық сақтау министрлігі сенбіден бері 1055 адам қаза тауып, 5184 адам жараланды деп мәлімдеді. Израиль "ХАМАС-тың шабуылынан қаза тапқандар 1200 адамға жетті" деп хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG