Accessibility links

Швейцария шешен азаматына баспана беруден бас тартты


Әли Батаев
Әли Батаев

Швейцарияның көші-қон жөніндегі мемлекетттік хатшылығы 40 жастағы шешен Әли Батаевқа баспана беруден бас тартты. Оған берілген ресми жауапта "Шешенстан қауіпсіз жер деп көрсетілген" деп Азаттық радиосының Солтүстік-Кавказ редакциясы - "Кавказ.Реалии" хабарлады.

"40 жастағы Батаев Украинада тұрған, 2022 жылы Ресей басып кірген соң кетуге мәжбүр болған. Украин қызына үйленген, соғыс босқыны деп рәсімделген" дейді "Кавказ.Реалии". Бір жыл бұрын ол Швейцарияда ұсталған, қыркүйектен бері депортация орталығында тұрады. Батаев Рамзан Қадыров режимі мен Ресей басқыншылығын сынағанын, отанына қайтарар болса өлтіріп тастауы мүмкін екенін айтқан.

Әли Батаевтың адвокаты Ресей мен Шешенстандағы адам құқығының жағдайы туралы мемлекеттік хатшылыққа үндеу арнаған. Мысал ретінде соғысқа қарсы пікір айтқан белсенділердің үстінен әкімшілік және қылмыстық іс қозғалып жатқанын көрсеткен. Бұл мысал Швейцария шенеуніктерін қанағаттандырмаған.

Шілдеде Батаев депортация орталығында аштық жариялаған. Оны Шешенстанға қайтару туралы шешім әлі сотта қаралады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG