Accessibility links

Израильде тарихта алғаш рет мемлекет бір қаланы эвакуациялайды


Израильдің оңтүстігіндегі 30 мың халқы бар Сдерот қаласын мемлекет жаппай эвакуациялай бастады. Бұл жөнінде The Times of Israel басылымына берген сұқбатына қала мэрінің орынбасары Элад Калими мәлімдеді.

Калими сөзінше, бүгінде қала халқының шамамен үштен екісі эвакуацияланған. Тағы да бірнеше мың адам таяуда эвакуацияланады.

Сдерот тұрғындары Тель-Авив, Иерусалим және Эйлат қалаларына орналастырылады. Шенеуніктің сөзінше, түрлі себеппен қала тұрғындарының 10 пайызы эвакуациядан бас тартуы мүмкін.

Сдерот 1950 жылдары Негев шөлін игеру бағдарламасы бойынша салынған. Қала Газа секторынан бірнеше шақырым жерде тұр.

7 қазанда Сдерот "ХАМАС" пен "Ислам жихады" қарулы топтарының бақылауында бірнеше сағат болды. Екі топты да әлемнің көп елі террор ұйым санатына қосқан.

Изариль әскерінің Газа секторына жасайтын алдағы операциясы алдында Палестина тұрғындары да эвакуацияланады. Олар Газа секторының солтүстігінен қауіпсіз оңтүстік өңірге көшіріледі.
Washington Post басылымының мәліметінше, Израиль соққыларының бірі босқындар легіне түсіп, ондаған адам өлген болуы мүмкін. ЦАХАЛ бұл айыптауды теріске шығарып, Газа секторының солтүстігінен тұрғындардың шығуына жихадшылар кедергі жасап жатыр деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG