Accessibility links

Адвокат: Ербол Жұманов ісі бойынша өтінішімізді кассациялық сот кері қайтарды


Сот залында отырған Ербол Жұманов
Сот залында отырған Ербол Жұманов
Қазанның 16-сына Жоғарғы соттың кассациялық сот алқасы биыл Қаңтар оқиғасы бойынша 16 жылға сотталған Ербол Жұмановтың ісін кассациялық сотта қарау туралы адвокат Жалғас Сапарханованың өтініш хатына байланысты алдын ала тыңдау өткізіп, "қайта қарау негіздерінің болмауына байланысты өтініш хатты кассациялық сот отырысының қарауына беруден бас тартылсын" деген шешім шығарды.
Адвокат Жалғас Сапарханованың сөзінше, бұл - түпкілікті шешім емес, яғни Жұмановтың ісі кассациялық сотта қаралмайды дегенді білдірмейді.
- Заң бойынша біз мұндай өтініш хатты Жоғарғы соттың төрағасына және бас прокуратураға беруге құқығымыз бар. Соттан шыққан соң бас прокуратураға барып, басқарма басшысымен сөйлестік. Олар өтініш хатты қабылдайтын айтты. Демек әлі де үміт бар,- дейді ол.
Қазан айының басында Қазақстан жоғарғы соты Ербол Жұмановтың ісі қаралатынын хабарлаған. Алдын ала тыңдау 16 қазанға белгіленген.
Биыл тамыз айында Жамбыл облыстық соты Қаңтар оқиғасы кезінде "ҰҚК подполковнигі Дастан Әділбайды өлтірді", "қару-жарақ ұрлады және сақтады" деген айыппен 16 жылға сотталған Ербол Жұмановқа шыққан үкімді өзгертпеген еді.
Ербол Жұманов пен қорғау тарабы сот қаулысына наразылық білдіріп, Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіретінін мәлімдеген.

Биыл 28 сәуірде Тараз соты "қаруды заңсыз иемденді", "билік өкіліне күш көрсетті", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты" деген айыппен тоғыз адамды соттаған. Ербол Жұманов – 16 жылға, Нұрахан Махатов – 6 жылға, Айбол Сағынтай мен Жақсылық Абдуллаев 5 жылға бостандығынан айырылған. Іс бойынша сотқа тартылған өзге бес адам – Қанат Нұраханұлы, Ермахан Сайлауов, Дәурен Нұрәлиев, Досмұхаммед Садықов пен Саламат Қосанов рақымшылыққа ілігіп, сот залынан босап шыққан

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG