Accessibility links

БАҚ: АҚШ Конгрессіне кіріп, Газадағы оқ атуды доғаруды талап еткен ондаған пацифист еврейді полиция ұстады


Вашингтондағы АҚШ Конгрессі ғимараты
Вашингтондағы АҚШ Конгрессі ғимараты

АҚШ астанасындағы Конгресс ғимараты маңына жиналған демонстранттар Израильден Газа секторын атқылауды доғаруды талап етті деп америкалық FOX 5 телеарнасы хабарлады. Полиция Конгресс ғимаратын бетке алған наразы адамдардың жолын бөгеп, күштеп ысырып тастауға тырысқан.

Оқиға болған жерде түсірілген видеода Конгресс ғимаратының ішінде "оқ ату тоқтатылсын" деп айғайлаған және сондай жазуы бар жейде киіп алған ондаған адам тұрғаны, бірқатары еденде отырғаны, полиция олардың кейбірін ұстап әкетіп жатқаны көрінеді. Наразылардың арасында еврейдің ұлттық бас киімін киіп алғандар жиі көзге түседіаз емес екені байқалады. Reuters, New York Times және басқа басылымдар наразыларды пацифист еврейлер деп сипаттады.

Сәрсенбі күні Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың штаб-пәтері алдында Палестинаны қолдау акциясы өтті. Жүздеген белсенді өздері "палестиндіктерге қарсы геноцид" деп атаған іс-әрекеттерді тоқтатуды халықаралық қауымдастықтан талап етті деп хабарлайды Reuters агенттігі.

ХАМАС радикал тобы 7 қазанда Газа секторынан Израиль аумағына жаппай зымыран атып, бейбіт тұрғындарға тұтқиылдан шабуыл жасады.

Израиль қорғаныс армиясы Газа секторына қарымта шабуыл жасады. ХАМАС шабуылы салдарынан 1400-ге жуық израильдік қаза тапқан. ХАМАС-тың бақылауындағы Газа секторында жергілікті билік қаза тапқан палестиндіктер саны қазір үш мыңға жетті деп хабарлады.

Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы ахуал жөнінде Ресей ұсынған қарар жобасын қабылдаудан бас тартқан. Жоба авторы соғыс іс-қимылдарын тоқтатып, палестиндіктерге шұғыл көмек беруге шақырған, бірақ ХАМАС тобының 7 қазандағы іс-әрекетін айыптамаған деп хабарлады "Америка дауысы".

Газадағы аурухананы жарған кім? Екі тарап бірін бірі айыптайды.
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:03 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG