Accessibility links

Өскемендегі "радиация қалдығы көмілген" орындар туралы Жоғарғы сот шешім шығарды


Радиция мөлшерін тексеретін құрал.
Радиция мөлшерін тексеретін құрал.

Жоғарғы сот Өскемен билігін "радициялық қалдық көмілген жерлерді зерттеуге" міндеттеді. Сотқа шағымды шығысқазақстандық белсенді, заңгер Алексей Божков түсірген. Ол соттан жергілікті билікті радиация мөлшерін анықтап", "ластанған" аумақты қоршауға, белгі орнатуға міндеттеуді сұраған

Істегі жауапкер - Өскемен әкімінің қорғаушылары түсірген кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот қаулысына сәйкес, қала әкімі өзге мемлекеттік мекемелермен бірге радиация қалдықтары көмілген жерлерді зерттеуге, мәселені шешуге арналған іс-шаралар жоспарлауға міндеттелді. Жоспар мен орындау уақыты бойынша акт қабылдайды. Актінің толтырылуы мен орындалуын сот қадағалайды.

Талап қойған Алексей Божков шешімге разы екенін айтты.

Өскеменді 2018 жылдан бері Жақсылық Омар басқарады.

Белсенді Алексей Божков "радиациялық қалдықтар төгілген" аумақтар жөніндегі талап-арызбен 2021 жылдан бері сотқа жүгініп келеді. Бұған дейін іс қалалық, облыстық сот сатыларынан өткен. Өскемендегі радиациялық қалдықтар өткен ғасырдың 50-жылдары пайда болған. Бұрын атом бомбасына қажетті заттар өндірген "Калбаолово" деген кәсіпорын қаладағы Комендантка аталған өзен арнасы, Самал саябағы және Ертіс өзені маңына "қалдықтар тастағаны" айтылады.

Алексей Божков сот отырыстарында зауыт қалдықтары "көмілген" жерге бертін саябақтар салынғанына алаңдайтынын айтқан. Адам денсаулығына "зиян болуы мүмкін" деген. ШҚО экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев "санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары ластаушы көздер нормадан асатын жерлерді анықтаған жоқ" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG