Accessibility links

Газада Қазақстан азаматы мен оның қызы қаза тапты


Газа секторындағы жарылыс. 23 қазан 2023 жыл.
Газа секторындағы жарылыс. 23 қазан 2023 жыл.

Газа секторындағы атыстан қазақстандық әйел қаза тапты. Бұл туралы 23 қазанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады. Атыстан Қазақстан азаматының 23 жастағы қызы (Палестина азаматы) да қаза болған.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қаза тапқан қазақстандық Палестина аумағында ұзақ уақыттан бері тұрып келген.

ХАМАС радикал тобының бақылауындағы Газа секторының денсаулық министрлігі 7 қазаннан бері бұл аймақта 4651 адам қаза тауып, 14245 адам жараланғанын мәлімдеді. Ал Израиль тарабы кемі 1400 адам қаза тапқаны хабарлаған.

Екі аймақта да қаза тапқан шетелдіктер көп.

Қазақстан СІМ-нің өкілі Айбек Смадияров өткен аптада Газа секторында 64 қазақстандық барын айтқан.

Израиль мен ХАМАС радикал тобының (АҚШ, ЕО және Израильде террорлық ұйым деп танылған) арасындағы соғысқа 17 күн болды. 7 қазан таңертең Газа секторынан ХАМАС Израильге ракетамен шабуыл жасап, жүздеген адамды кепілге алған. Израиль жауап ретінде Газа секторына әуеден шабуылдап жатыр.

Бұған қоса, Израиль Газа секторына жер үсті операциясын бастамақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG