Accessibility links

ҚМА: Риддер ЖЭС-інің бұрынғы басшылары "ақша жымқырды" деген күдікке ілінген


Шығыс Қазақстан облысында Риддер ЖЭС-інің бұрынғы жетекшілерінің үстінен "алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалған. Мұны 24 қазанда қаржылық мониториг агенттігі хабарлады.

"Сенімін пайдалану және алдау арқылы мемлекетке 4,1 миллиард теңге көлемінде зиян келтірді деген күдікке ілінді", - дейді агентік өкілі Әлібек Әділов.

Тергеу кезінде жылу электр орталығы жабдықтарының тозуына және әлденеше рет жылу бермей тоқтап қалғанына "жөндеу жұмыстарына арналған қаржының жүйелі түрде жымқырылғаны себеп болғаны" анықталған.

Тергеу мәліметіне қарағанда, 2018 - 2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭС-інің бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсетілгені, қазандықтарды, жылу желілері мен турбогенераторларды түбегейлі жөндеу жұмыстары жасалғаны жөнінде компаниялармен жалған келісім жасасып, өкілеті органдарға жалған есеп беріп келген.

Биліктің мәліметіне қарағанда , Риддер ЖЭС-і қазір мемлекет меншігінде тұр. Биыл Қазақстанның ресми агенттіктері Риддер ЖЭС-інің жаңа иелері коммуналды меншікке беруге келіскенін хабарлаған.

Былтыр қараша айының басында Риддер жылу электр орталығында апат болып, 22 мың тұрғыны бар қала жылусыз қалған. Билік көктемде Риддер ЖЭС-інің алты қазандығы түгел жөнделетінін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG