Accessibility links

Сенатор Макконнелл: Қытай, Ресей және Иран — жаңа зұлымдық өзегі


Сенатор Митч Макконнелл, Украина президенті Владимир Зеленский, сенатор Чак Шумер (солдан оңға қарай). Вашингтон, 21 қыркүйек 2023 жыл.
Сенатор Митч Макконнелл, Украина президенті Владимир Зеленский, сенатор Чак Шумер (солдан оңға қарай). Вашингтон, 21 қыркүйек 2023 жыл.

АҚШ сенатында азшылық болып отырған республикашылдардың жетекшісі Митч Макконнелл 24 қазанда Қытай мен Ресейге қарсы тұру мен терроризм қаупін айта келе демократия әлеміне Берлин қабырғасы құлағалы бері алғаш рет ірі қатер төнгенін мәлімдеді.

Украина мен Израильге көмек пен АҚШ-тың оңтүстіктегі шекараларын қорғауға қосымша 106 млрд доллар көлемінде бөлу туралы Ақ үйдің сұрауына түсініктеме берген Митч Макконнелл республикашылдар Ақ үйдің ұсынысын мұқият қарастыратынын айтты. Ол дағдарысқа байыппен жауап беру маңыздылығын да атап өткен.

"Біз Қытай, Ресей және Иран сияқты жаңа зұлымдық өзегіне тап болдық. Иран террористерді қаржыландырумен айналысады және оны екі үлкен ел қолдайды. Бұл дағдарысқа әлемдегі ірі демократия өкілдері жауап беруі керек" деді ол.

XS
SM
MD
LG