Accessibility links

Ресей "ядролық қарумен жаппай соққы жасауды" сынап көрді


55555314
55555314

Ресей ядролық қарумен жаппай соққы жасау бойынша жаттығу өткізді. 25 қазанда Ресей қорғаныс министрлігі зымыранның ұшқан сәтінен видео жариялады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағынан Камчаткадағы "Кура" полигонына қарай "Ярс" атты құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырылған. Бір мезетте Баренц теңізіндегі "Тула" атомдық су асты крейсерінен "Синева" баллистикалық ракетасы ұшырылған. Ресей бас штабының басшысы Валерий Герасимовтың айтуынша, жаттығуға алыс қашыққа ұшатын екі Ту-95МС зымыран тасығышы да қатысқан.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу жаттығуға президент Владимир Путин жетекшілік еткенін айтты.

Путинге есеп берген Шойгу жаттығу “Ресей қарулы күштерінің қарсылас жақтың ядролық соққысына жауап беру бойынша жаппай соққы жасауға әзірлік жоспарына сәйкес” өткенін айтты.

Сәрсенбіде федерация кеңесі ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты ратификацияны қайтару туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл бастама жөнінде қазан айының басында Путин де айтқан.

Бұған дейін Ресей АҚШ-пен 2010 жылы қол қойған стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы шарттан шыққан еді.

Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері кремльшіл саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, кейде билік өкілдері Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару қолдануы мүмкін екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG