Пәкістан парламенті жоғары палатасының депутаты Афнан Хан Х әлеуметтік желісіне Адольф Гитлердің суретін жариялап, "нені не үшін істеген әлем енді түсінетін болады" деп жазып қойған. Еврейлер геноциді туралы емеурін Газа секторындағы жағдай ушыққан кезде айтылып отыр.
Пәкістан парламентінің сенаты Хан Оксфордта, Лондон және Йорк университеттерінде оқыған, докторлық ғылыми дәрежесі бар.
Оның жазғанын желіде миллионнан астам адам көрген. Бұл әлеуметтік желі сервистің ережесін бұзса да саясаткерлердің посттарын жоймайтынын, өйткені қоғамдық маңызы бар екенін хабарлаған болатын.
Депутат Ханның антисемит пікірі бұл ғана емес. Ол республикашылдар атынан АҚШ президенттігіне кандидат номинациясына өзінің кандидатурасын ұсынған АҚШ бизнесмені Вивек Рамасвами постының астынан да 28 қазанда сондай пікір қалдырған. Рамасвами Израильге қолдау білдіріп, ХАМАС пен "Хесболла" радикалды қозғалыстарын жойып жіберуге құқығы бар деген еді.
ПІКІРЛЕР