Accessibility links

Путин Махачкаладағы дүрбелеңді Украина мен Батыстан көрді


Махачкаладағы антисемит дүрбелеңінің артында Украина мен Батыс тұр. Мұны дүйсенбі күні Ресей қауіпсіздік кеңесінің отырысында Владимир Путин айтты.

Путин АҚШ пен Батыстың өзге де елдерін Таяу Шығыста жанжал тұтатты деп айыптады. Путиннің сөзінше, ХАМАС-тың Израильге шабуылы мен Израильдің жауабы артында Батыс тұр. Ал Газа секторына жасалған соққыдан "жүздеген мың" адам өліп жатыр (ХАМАС-қа бағынышты Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 8 мың адам өлген - Азаттық). Путин Палестина халқының қырылып жатқаны туралы ақпарат көргенде "көзіне жас келіп, жұдырығы түйілетінін" айтқан.

Путин Махачкаладағы дүрбелең жөнінде ештеңе айтпаған, "ұлтаралық келісімді сақтап, азаматтардың құқығын қорғау шараларын" талқылауды ұсынған.

"Украина мен Таяу Шығыстағы және әлемдегі барлық жанжалдың артында АҚШ тұрғаны түсінікті" деп бірнеше қайталаса да Путин нақты дәлел келтірмеген.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мэтью Миллер Дағыстандағы антисемит дүрбелеңіне Украинаның қатысы бар дегенді "абсурд" деп бағалады.

29 қазанда түнде Тель-Авивтен келетін рейс алдында мыңдаған адам Махачкала әуежайын басып алып, еврейлерге қарсы түрлі ұран көтерген. Полициямен қақтығысып, 20-дан астам адам зардап шеккен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG