Accessibility links

Өзбекстаннан 9 айда көшкен 181 мың адамның 81,3 пайызы Қазақстанға келген


Қазақ-өзбек шекарасы
Қазақ-өзбек шекарасы

2023 жылдың қаңтарынан қыркүйекке дейінгі аралықта Өзбекстаннан өзге елдерге 181,1 мың адам көшіп кеткен. Мұны Өзбекстанның статистика агенттігінің мәліметіне сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

181,1 мың адамның 81,3 пайызы Қазақстанға, 15,3 пайызы Ресейге, 0,5 пайызы Қырғызстанға, 0,5 пайызы Оңтүстік Кореяға, 0,2 пайызы Түрікменстанға, 2,2 пайызы өзге елдерге көшкен.

Өзбекстан статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2023 жылдың алғашқы 9 айында Өзбекстанға шетелден 168,7 мың адам көшіп келген. Оның 38,9 пайызы Ресейден, 24,5 пайызы Қазақстаннан, 10,5 пайызы Тәжікстаннан, 5,1 пайызы Қырғызстаннан, 1,6 пайызы Түрікменстаннан, қалған 19,4 пайызы өзге елдерден көшіп келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG