Accessibility links

Министр Шарлапаев: Қазақстан Қарағанды шахтасына жаңа инвестор тарту мәселесін қарастырмайды


Шахта аумағына кірердегі ғимарат
Шахта аумағына кірердегі ғимарат

Мемлекет "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) акционерлік қоғамынан меншік құқығын алғаннан кейін шетел инвесторын тартуды жоспарлап отырған жоқ. Қазақстанның құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаевтың бұл сөзін "Казинформ" агенттігі таратты.

28 қазанда Қазақстан үкіметі меншік құқығын республикаға беру туралы "АрселорМиттал Теміртау" акционерлерімен келісім рәсімін аяқтайтынын хабарлаған.

Министрдің сөзінше, "АрселорМиттал" концернімен келіссөз көптен жүріп келеді, алдына ала құжаттарға Костенко шахтасындағы трагедияға дейін - 22 қазанда қол қойылған.

"Власть" хабарына қарағанда, өнеркәсіп министрі келісімнің шарттарын айтудан бас тартқан. Бірақ ол бұл активті сатып алу үшін бюджет қаржысы пайдаланылмайтынын айтқан. Министрдің сөзінше, қазіргі акционермен соттаспас үшін заң жұмыстарын жүргізіп жатыр.

28 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды көмір бассейніндегі шахталарға ие болып отырған "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын "ең нашар инвестор" деп атап, онымен ынтымақтастық тоқтайтынын мәлімдеген.

Жексенбіде АМТ сайты компания кәсіпорындарындағы қауіпсіздік елеулі түрде күшейтілетінін жазған.

АМТ хабарына қарағанда, бірнеше ай бұрын меншік құқығын үкіметке қайтару туралы келіссөзге кіріскен. Костенко шахтасындағы апаттан бір апта бұрын екі тарап "негізгі мәселе бойынша" келісімге қол қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG