Accessibility links

Израильдің БҰҰ-дағы делегациясы "мақтаныш белгісі" ретінде сары жұлдыз таққан


Израильдің БҰҰ-дағы өкілі Гилад Эрдан
Израильдің БҰҰ-дағы өкілі Гилад Эрдан

Израильдің БҰҰ-дағы делегациясы кеудесіне сары жұлдыз тағып, оны БҰҰ қауіпсіздік кеңесі ХАМАС-тың Израильге шабуылын айыптағанша шешпеуге уәде берді.

"Атам мен әжем және миллион еврейдің аталары мен әжелері секілді мұнан былай мен де, менің командам да сары жұлдыз тағып жүретін болады",- деді Израильдің БҰҰ-дағы өкілі Гилад Эрдан. Ол Never Again ["Енді ешқашан"] дейтін жазуы бар белгіні "мақтаныш белгісі" ретінде тағатынын айтты. Нацистік Германия еврейлерді жасыл жұлдыз тағы жүруге мәжбүрлеген.

Эрдан Израильдегі соғыс пен Палестинаның ХАМАС радикалды тобы жөнінде төрт резолюция жобасын қайтарып тастаған БҰҰ қауіпсіздік кеңесін "үнсіз қалғаны" үшін айыптады. Екі резолюцияны араға апта салып Ресей әзірлеген, тағы бірін Бразилия жасаған. Олардың жобаларын "Израильдің өз-өзін қорғау құқығы айтылмаған" деп қайтарған. АҚШ-тың жобасы да өтпеген, "онда атысты тоқтатуға ашық шақырмаған" деген уәж айтылған.

Тұйыққа тірелген БҰҰ Бас ассамблеясы 28 қазанда ешкімді ештеңеге міндеттемейтін резолюция қабылдаған. Құжат Израиль әскері мен Газа секторындағы Хамас содырларын тез арада гуманитарлық бітімге келуге шақырған. Израиль мұны "масқара" резолюция деп атаған.

30 қазан күні кешке Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньягу шетел баспасөзіне үндеу жасап, Израиль атысты тоқтатуға келіспейтінін тағы да мәлімдеген. "Оқ атуды тоқтатуға шақыру - ХАМАС-тың алдында, террор мен жабайылық алдында жеңілуге шақыру" деген ол "өркениетті елдерге" Израильді қолдауды ұсынған: - Бұл тек Израильдің соғысы емес. Егер ХАМАС пен Иран жеңсе, келесі нысана сіздер боласыздар" деп тоқтаған.

Сол күні Нетаньягу Израиль үкіметінің отырысын ашып тұрып "ХАМАС нокдаун алады, ХАМАС жеңіледі, басқа Газа болады" деген және Израильге қарсы тағы бір топ "Хезболладан" соғысқа араласпауды талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG