Accessibility links

Қырғыз парламентінің төрағасы: Қырғызстан туы өзгереді


Қырғызстан парламентінің төрағасы Нұрланбек Шәкиев
Қырғызстан парламентінің төрағасы Нұрланбек Шәкиев

Қырғызстан туы өзгереді. Мұны Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы Нұрланбек Шәкиев Азаттықтың Қырғыз редакциясымен сөйлескенде айтқан.

"Бұл - өте маңызды мәселе. Туды өзгертеміз" деп мәлімдеді спикер.

Оның сөзінше, туды өзгерткенде қоғам мен ту авторларының ой-пікірлері міндетті түрде ескеріледі.

Парламент төрағасы Нұрланбек Шәкиев пен депутат Ұлан Пірімов Қырғызстан туындағы күн шапағын өзгерту жөнінде заң жобасын Жоғарғы кеңеске ұсынған. Олардың ойынша ту ортасында күн шапағы қоршап тұрған шаңырақ бейнесі киіз үйдің сыртқы көрінісі ме, күнбағыс па деген екіұдай ойға қалдырады.

Бастамашыларды президент Садыр Жапаров та қолдап, өз жобасын ұсынған.

Қырғызтан туы ретінде ұсынылған жаңа эскиз қоғамның қызу талқысына түскен. Әлеуметтік желі қолданушылар арасында қазіргі туды өзгертуге қарсылар шығып, депутаттар маңыздырақ шаруамен айналысқаны жөн деп сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG