Accessibility links

Еуропа одағы Ресейге қарсы санкцияның 12-пакетін дайындап жатыр


Еуропа одағы Украинаға басып кіргені үшін Ресейге салатын санкцияның 12-пакеті аясында саудада бес миллиард еуроға тең шектеу қоюы мүмкін. Мұны Bloomberg агенттігі хабарлады. Шектеу бойынша әскери мақсатта қолданылатын дәнекерлеу жабдықтары, химиялық заттар мен технологияларды тасымалдау, лицензиялы бағдарламамен қамтамасыз етуге тыйым салынуы мүмкін.

Жаңа санкция пакетінде жүзден астам жеке және 40 заңды тұлға болады деп отыр. ЕО елдеріндегі "сезімтал" деп аталатын секторларда ресейліктерді жұмысқа алуға тыйым салу мәселесі талқыланып жатыр.

Жақында Брюссельдегі ЕО саммиті қарсаңында Еуропа одағының жоғары лауазымды шенеунігі Deutsche Welle тілшісіне жаңа тізімге ресейлік алюминийге қарсы санкция енуі мүмкін деп айтқан.

Еуропа одағының айтуынша, ЕО ресейлік қару-жарақ пен оқ-дәріден табылған бөлшектерді анықтау мәселесінде Украинамен етене жұмыс істеп жатқанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG